2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні.

Бұл – жастарға мамандықты меңгеріп, қабілеттерін ашуға және болашаққа сеніммен қарауға көмектесетін педагогтер, өндірістік оқыту шеберлері мен тәлімгерлердің мерекесі.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждер мен техникумдардың рөлі ерекше – олар өнеркәсіп, IT, құрылыс және елді алға жылжытатын басқа да салалар үшін мамандар даярлайды.
Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада Қазалы аграрлы — техникалық колледжінің ардагер ұстаздары, инженер-педагогтары және техникалық қызметкерлері марапат төрінен көрінді.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!