"Қызылорда облысының
білім басқармасының

"Қазалы аграрлы-
техникалық колледжі"

коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны

Колледж ғимараты

Интерьер

Сыныптар

Акт залы

Колледж туралы

Облысымыздағы болашақ ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі — Қазалы аграрлы-техникалық колледжі.

Алғашында оқу орны 1961-1973 жылдары №34 ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі, 1973-1981 жылдары №34 ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесі, 1981-1990 жылдары №8 селолық орта кәсіптік-техникалық училище, 1990-2002 жылдары №8 кәсіптік-техникалық училище, 2002-2008 жылдары №8 кәсіптік мектеп, 2009-2012 жылдары №8 кәсіптік лицей атанған. 2013 жылдан Қазалы аграрлы-техникалық колледжі болып қайта құрылды. Осы уақыттардың ішінде іргелі оқу орны ауылшаруашылығына қажетті тракторшы, комбайншы, К-700 жүргізуш-механизаторлары, құрылысшылар, мал мамандары, фермерлер, газэлектрдәнекерлеуші секілді мамандарды дайындады. Түлектеріміз Қазақстанның түкпір-түкпірлерінің халық шаруашылығында үлгілі еңбек етіп, оқу орнының абыройын асқақтатты. Ауданымыздың Социалистік Еңбек Ерлері Әбуша Дінісламов пен Кәрібоз Әлимаев және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының “Қазақстан ардагерлерi” қауымдастығының төрағасы, жазушы Бақытбек Смағұл колледж түлектері.

Біздің жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ, ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ИНЖЕНЕР – ПЕДАГОГТАРЫ!

Сіздерді 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Фотогалерея

Бейнероликтер