Сіздерді 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1940 жылдан бастап 2 қазан — кәсіптік техникалық білім күні болып саналады. Бұл кәсіби өмірге жол ашатын, дәл бүгінгі күні өзінің қажеттілігін дәлелдейтін орта кәсіптік білім беру жүйесінің мерекесі.
Түлектердің жоғары сапасына қойылатын талаптар мемлекет тарапынан кәсіби білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне көбірек көңіл бөлуге, олардың қоғамдағы мәртебесі мен материалдық әл-ауқатының жоғарылауына әкеледі.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Орта кәсіптік білім беру жүйесінде жедел өзгерістер жүріп жатыр. WorldSkills халықаралық қозғалысының жаңа технологиялары, стандарттары мен құзыреттіліктері енгізілуде, жаңа өндірістік цехтар ашылуда, заманауи жабдықтар енгізілуде, сатып алынуда, жетекші кәсіпорындар мен ұйымдармен әлеуметтік серіктестік қатынастары нығайтылуда. Жоғары технологиялық өндірістерде күрделі жабдықтармен жұмыс жасай алатын техникалық мамандарға сұраныс күн сайын артып келеді, орта кәсіптік білім беру оқу орындарының беделі даусыз бола бастады.
Бұл мерекеде біз студенттерге болашақ мамандықтарының құпияларын меңгеруде сәттілік, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне жаңа жетістіктер мен өркендеу тілеймін!
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы