2025 жылғы 1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бара алмауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Қазалы аграрлы — техникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен әлеуметтік мұқтаж топтардың балаларына, оларды мектепке дайындауға бағытталған қажет құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкелер табыстады.