Қазалы аграрлы — техникалық колледжінде жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери — патриоттық рух қалыптастыру, жас буынды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру мақсатында «ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. Шараны колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы жүргізді. Шараға Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Кульбаев Нұрлан Құрманғалиұлы және Ауған соғысының ардагері, Қызыл жұлдыз орденінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері Серікбаев Күмісбай Серікбайұлы қатысты. Сабақ барысында білім алушыларға елімізге белгілі аға — апалардың ерліктері насихатталып, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу — нағыз азаматтықтың белгісі екендігі және әскери борышын өтегеннен кейінгі ЖОО — на түсу сертификаты туралы ашық түрде түсіндірілді. Әрі қарай «Ерлік» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, білім алушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Суретке түсірген: Г.Жетес