Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ мерекесі және МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА орай білім алушыларды шығармашылыққа тарту, топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, үздік жұмыс нәтижесін насихаттау мақсатында топаралық «ЕҢБЕКПЕН ЕЛ КӨГЕРГЕН» атты шығармашылық көрме өткізілді. Көрмені колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы ашып, шараның негізгі мақсаты мен міндеттерін таныстырды. Әрі қарай колледж әкімшілігінен құрылған қазылар алқасы көрмені тамашалап, өз бағаларын берді. Көрмеге ағаш, темір, кардон және тоқыма бұйымдарынан жасалған ұлттық заттар, экспонаттар, макеттер қойылды.
Суретті түсірген: Сансызбай А.