Дебат — бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни тұрғыдан ойлауды, коммуникативті мәдениетті және халыққа сөйлеу дағдысын дамытады, өздігінен шешім қабылдауға дайындайды, қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Пікірсайыс — Қазақстандағы жастар қызметінің ең танымал түрлерінің бірі болып табылады. Осыған орай, колледжімізде «Жас толқын» дебат клубы (бұдан әрі — Клуб)өз жұмысын жалғастыруда.
Клубтың жетекшісі – арнайы пән оқытушысы Өтегенов Өркен Садыбекұлы. Үйірмеге тұрақты 11 студент команда мүшесі болып қабылданған. Жыл сайын пікірсайысты бағыту жолында жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар атқарылуда.
«Жас толқын» командасы ауданның және облыстың жеңімпазы.