Қазалы аграрлы — техникалық колледжінде «2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған Тұжырымдаманың болашақ тәлімгерлер мен өзгелерді оқыта алатын мамандарды тәрбиелеуге бағытталған жобасы аясында «БІЛІМ — БИІККЕ ЖЕТКІЗЕР БАСПАЛДАҚ» атты білім алмасу шеберлік сыныбы өтті. ІІ курс №24-1 топ студенті Қырықбай Ақжібек «ТікТок — ты дұрыс жүргізу», ІІІ курс №23-1 топ студенті Теңізбай Ерімбет бейнемонтажға арналған «CapCut» және «Canva» қосымшалары туралы 20 минуттық сабақ жүргізді. Сабаққа колледж педагогтары қатысты.
Суретті түсірген: Ильясова Аяжан Қуандыққызы