Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы TurkicSkills 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты колледждер мен бизнес қауымдастық үшін маңызды ынтымақтастық алаңына айналды.
Чемпионат аясында колледждер кәсіпорындармен, шетелдік колледждермен 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумына қол жеткізді. Олар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа технологияларды, инновациялық жобаларды, заманауи оқыту әдістемелерін енгізуге, WorldSkills қозғалысын дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобалар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыруға бағытталған.
Кәсіби шеберлік чемпионатында Қазалы аграрлы – техникалық колледжінен қатсысқан директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысындағы Пахтачи политехникалық колледжінің директоры Самадов Аброра Садинұлымен және Булунгур политехникалық колледжінің директоры Намазов Мурод Султонұлымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.